ОН 2.1 Ұйымның жергілікті–есептеу желісін теңшеу
СИБ26-АК

Бұл курс «Ұйымның жергілікті–есептеу желісін теңшеу» кәсіптік модулінің құрамдас бөлігі болып табылады. Курс білім алушыда ұйымның локальды есептеу желісін (ЛЕЖ) жобалау, монтаждау, баптау және диагностикалау бойынша кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған.

Курс барысында білім алушылар келесі дағдыларды меңгереді:

  • желінің физикалық және логикалық топологияларын ажырату және салыстыру;
  • локальды желінің негізгі компоненттерін, интерфейстерін және кабель түрлерін тану;
  • кабель желісін есептеу, монтаждау, таңбалау және тестілеу;
  • OSI және TCP/IP модельдерінің деңгейлерін меңгеру;
  • IPv4 мекенжайлау схемасын құру және субнеттеу есептеулерін жүргізу;
  • желілік адаптерлерді конфигурациялау және қосылымды тексеру;
  • ортақ ресурстарға қолжетімділікті баптау, жұмыс тобын ұйымдастыру;
  • сымсыз желілік қосылым орнату және оны қорғау;
  • желінің жай-күйін бақылау, ақауларды диагностикалау және жою;
  • желі конфигурациясын құжаттау.
Компьютерді басқару үшін жүйелік бағдарламалық жасақтаманы конфигурациялау
СИБ26-АК

«Компьютерді басқару үшін жүйелік бағдарламалық жасақтаманы конфигурациялау» курсы компьютердің жүйелік бағдарламалық жасақтамасын тиімді басқару және баптау негіздерін меңгеруге бағытталған. Курс барысында білім алушылар операциялық жүйенің негізгі параметрлерін конфигурациялауды, жүйелік қызметтер мен процестерді басқаруды, драйверлер мен утилиттерді пайдалануды, құрылғылардың жұмысын баптауды және компьютердің өнімділігін оңтайландыруды үйренеді.