Бұл курс веб-қосымшаларды әзірлеудің негізгі принциптері мен технологияларын үйретуге бағытталған. Студенттер HTML, CSS және JavaScript тілдерін қолдана отырып, веб-беттерді құруды және безендіруді меңгереді. Сонымен қатар, интерфейс дизайны, қолданушы тәжірибесі (UX), адаптивті дизайн және веб-сайттардың құрылымы қарастырылады. Курс барысында заманауи веб-технологиялармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасып, қарапайымнан бастап күрделі веб-жобаларды жасауға мүмкіндік беріледі.
Бұл пән бағдарламалық компоненттердің құрылымы мен жұмысын сипаттайтын техникалық сипаттамаларды әзірлеуді үйретеді. Студенттер компоненттердің функционалдық және сапалық талаптарын анықтауды, UML диаграммаларын қолдануды және бағдарламалық жүйелердің дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін құжаттаманы дайындауды меңгереді.