Изображение курса Жаһандық құзіреттілік
ЭВМ23-2Б

2. "Жаһандық құзыреттілік" курсын зерделеудің мақсаты - мінез-құлық мәдениетінің стандарттарына сәйкес келетін және жаһандық құзыреттілікке ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. "Жаһандық құзыреттіліктер" курсы білім алушылардың құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, этикалық нормаларын және мінез-құлық көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді.

      3. Курс бағдарламасын іске асыру мынадай міндеттерді көздейді:

      1) білім алушылардың сыни және талдамалық ойлауын, олардың коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамыту;

      2) жергілікті, жаһандық проблемалар мен мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін түсінуді дамыту;

      3) ақпаратты тану, талдау, бағалау және дәлелдерді тұжырымдау қабілетін қалыптастыру;

      4) білім алушылардың жаһандық оқиғалар мен олардың себептері мен салдарлары туралы талдамалық бағалау түсінігін қалыптастыру;

      5) білім алушының өзіндік мәдени бірегейлігін түсінуге және әлемнің мәдени әртүрлілігін түсінуге ықпал ететін құндылықтар жүйесін қалыптастыру;

      6) қаржылық, экологиялық мәдениетті дамыту;

      7) нақты өмірмен байланысты зерттеу арқылы өз ойлауын құра білу қабілетін қалыптастыру.

      8) Курстың мазмұны 5 бөлімнен тұрады:" жаһандық құзыреттілік"," Қаржылық сауаттылық"," жергілікті және жаһандық маңызы бар проблемаларды шешу"," әртүрлі мәдениеттер мен дүниетанымдарды түсіну, тиімді мәдениетаралық өзара іс-қимылға қатысу","техникалық-технологиялық бағыттың мамандандырылған компоненті".